Коронавирусқа шалдыққан 89 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия КВИ-ге шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 89 науқастың жағдайы ауыр

13 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 10 881 адам (9 825 КВИ+ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус инфекциясы), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 89 адамның жағдайы ауыр,

- 26 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.