Коронавируспен ауырған 14,3 мың пациент стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 қыркүйектегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

«15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 КВИ+ және 8 416 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда жатыр, 61 350 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында - 1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр, 198 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар