Коронавируспен ауырған 199 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавируспен ауырған 199 адамның жағдайы ауыр

«4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда жатыр, 14 478 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 199 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.