Коронавируспен ауырғандар иммунитетін көтеруі үшін не істеуі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте маман коронавируспен ауырғандардың иммунитетін көтеруге қатысты бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен ауырғандар иммунитетін көтеруі үшін не істеуі керек

«Иммунитетті көтеруге қатысты нақты ұсыныс жоқ. Жалпы физикалық жүктемені көтеріп, жиі қозғалуға кеңес береміз. Сондай-ақ, нутритивті қолдау қажет, яғни дұрыс тамақтану керек. Ұйқыны ретке келтіру қажет. Коронавируспен ауырған адам 8 сағаттан кем емес уақыт ұйықтауы керек және міндетті түрде күндізгі уақытта демалуы қажет. Диета ұстаған кезде дәрумендері мол болуын қадағалау қажет. Д, В, С тобындағы дәрімендерді, мырыш пен магнийді қолдану керек. Жалпы қандай дәріменді көбірек қолдану әрбір науқасқа қатысты жеке қаралуы тиіс», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керектігін жаздық.

Құрамында аспирині бар дәрілерді қолдану қандай созылмалы ауруы бар екендігіне байланысты.