Коронавируспен ауырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавируспен ауырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, өктен тәулікте вирусты жұқтырғандар саны 139 адамды құрады. Сондай-ақ 6 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.

25 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні ковид жұқтырғандар саны 56 адамды құраса, 23-і күні олардың саны 92 адамға жетті. Ал кеше, 24 қарашада олардың саны 116 адам болды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 846 955 адам, II компонентін 10 611 655 адам салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 658 146.