Коронавируспен күрес: БҚО-да 8700-ден астам медицина қызметкеріне 2,5 млрд теңге үстемеақы төленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – COVID-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шаралар аясында денсаулық сақтау нысандарының 8744 қызметкеріне 2,5 млрд теңге үстемеақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, коронавирусты емдеуге енгізілген 5 препаратпен 33,8 млн теңгеге 3422 пациент қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері коронавируспен ауырған 3819 науқас 2,3 млрд теңгеге ем алды.

Нұржамал Шамғонқызының сөзіне қарағанда, барлығы 72271 ПТР-диагностикаға арналған жалпы сомасы 55,4 млн теңге және 34478 рет мобильді бригаданың шыққаны үшін 208,9 млн теңге төленді.

Сондай-ақ филиал директоры БҚО бойынша 2021 жылға 46 денсаулық сақтау нысанымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуге тиісті шарттар жасалғанын жеткізді.

«Биыл 810 мың консультациялық-диагностикалық көмек қызметіне 1,5 млрд теңге жұмсалды. 1123 науқасқа МӘМС аясында 253,8 млн теңгеге тәуліктік стационарларда медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Сондай-ақ стационарларда жоспарлы түрде 8456 пациент 1,48 млрд теңгеге емделді. 4,2 мың босану (477,9 млн теңге) тіркелді.

1,92 млрд теңгеге 7388 мың ота жасалды», деді Н.Жұмағұлова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,8 пайызға азайғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар