09:07, 13 Тамыз 2021 | GMT +5
Коронавирустан 115 мыңнан аса қазақстандық емделіп жатыр - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 1 934 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

13 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 211 адам коронавирус инфекциясынан (–110 831 + және 4 380 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 157 пациент стационарда, 84 054 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 934 адамның жағдайы ауыр,
• 472 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 230 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.