Коронавирустан елімізде 1,1 мың адам сауықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 1163 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 407,
Алматы қаласында - 78,
Шымкент қаласында - 288,
Ақмола облысында - 0,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 22,
Жетісу облысында - 22,
Атырау облысында - 3,
Шығыс Қазақстан облысында - 0,
Абай облысында - 16,
Жамбыл облысында – 0,
Батыс Қазақстан облысында - 18,
Қарағанды облысында - 133,
Ұлытау облысында - 42,
Қостанай облысында - 35,
Қызылорда облысында - 10,
Маңғыстау облысында - 27,
Павлодар облысында - 52,
Солтүстік Қазақстан облысында - 0,
Түркістан облысында - 10.
Пандемия басталғалы елімізде жалпы 1 387 576 адам коронавирус жұқтырды, соның ішінде 1 355 226 науқас жазылып шықты.