Коронавирустан елімізде 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

20 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан жалпы 13 679 адам көз жұмды. 2020 жылғы 1 тамыздан коронавирус пневмониясынан қаза боғандар саны – 5 357 науқас.

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде коронавирустан 21 483 адам, оның ішінде 21 160 науқас коронавирустан (КВИ+), 323 науқас пневмониядан (КВИ-) емделуде. Пациенттердің 917-сі стационарда жатса, 20 566-сы амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 36 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.




Соңғы жаңалықтар