Коронавирустан емделіп жатқан 10 сырқаттың жағдайы ауыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 желтоқсандағы ақпарат жарияланды.
Елімізде 2 234 адам коронавирус инфекциясынан (–2 127+ және 107 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 311 пациент стационарда, 1 923 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 10 адамның жағдайы ауыр
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.