Коронавирустан емделіп жатқан 103 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 30 846 адам коронавирус инфекциясынан (29 737 КВИ+ және 1 109 КВИ-) емделіп жатыр.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне қарағанда, 4 198 пациент стационарда, 26 648 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
230 адамның жағдайы ауыр,
103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
85 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.