Коронавирустан емделіп жатқан 11 науқастың жағдайы ауыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2668 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 350 пациент стационарда, 2318 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 11 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.