Коронавирустан емделіп жатқан 114 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 наурыздағы соңғы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 199 адам коронавирус инфекциясынан (–13 101+ және 1 098 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 449 пациент стационарда, 12 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 114 адамның жағдайы ауыр
- 42 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 28 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.