Коронавирустан емделіп жатқан 139 науқастың жағдайы өте нашар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 қарашадағы мәлімет бойынша, 36 648 адам коронавирус инфекциясынан (–31 523+ және 5 125 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардың ішінде 6 542 пациент стационарда, 30 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 472 адамның жағдайы ауыр,
• 139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 86 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.