Коронавирустан емделіп жатқан 15 науқастың жағдайы ауыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 9 қаңтардағы ақпарат жарияланды.
Оған сенсек, қазір 2 534 адам коронавирус инфекциясынан (–2 386+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 272 пациент стационарда, 2 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 15 адамның жағдайы ауыр
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.