Коронавирустан емделіп жатқан 16 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады.
6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 009 адам коронавирус инфекциясынан (–16 730+ және 279 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 404 пациент стационарда, 16 605 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 16 адамның жағдайы ауыр,
- 7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.