Коронавирустан емделіп жатқан 211 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпарат жарияланды.
28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 361 адам коронавирус инфекциясынан (–15 290+ және 2 071 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 211 адамның жағдайы ауыр,
• 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.