Коронавирустан емделіп жатқан 24 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 наурыздағы мәлімет бойынша 8 350 адам коронавирус инфекциясынан (7 282 КВИ+ және 1 068 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 670 пациент стационарда, 7 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
58 адамның жағдайы ауыр,
24 пациенттің жағдайы өте ауыр,
12 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.