Коронавирустан емделіп жатқан 26 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 наурыздағы мәлімет бойынша 10 716 адам коронавирус инфекциясынан (9 676 КВИ+ және 1 040 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде:
945 пациент стационарда,
9 771 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
89 адамның жағдайы ауыр,
26 пациенттің жағдайы өте ауыр,
18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.