Коронавирустан емделіп жатқан 5 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 22 шілдедегі мәлімет бойынша 14 026 адам коронавирус инфекциясынан (–13 893+ және 133 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустан емделіп жатқан 5 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, олардың ішінде 1 206 пациент стационарда, 12 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

25 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.