Коронавирустан емделіп жатқан 520 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 қарашадағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустан емделіп жатқан 520 науқастың жағдайы ауыр

15 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 675 адам коронавирус инфекциясынан (–29 734+ және 4 941 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 6 925 пациент стационарда, 27 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 520 адамның жағдайы ауыр

• 120 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.