12:15, 04 Ақпан 2023 | GMT +5
Коронавирустан емделіп жатқан 6 науқастың жағдайы ауыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 4 ақпандағы ақпарат жарияланды.
1 603 адам коронавирус инфекциясынан (–1 450+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 121 пациент стационарда, 1 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр
- бір пациенттің жағдайы өте ауыр
- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.