Коронавирустан емделіп жатқан 600-ге жуық науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 қазандағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 қазандағы мәлімет бойынша, 47 562 адам коронавирус инфекциясынан (–41 790 + және 5 772 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 8 243 пациент стационарда, 39 319 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 569 адамның жағдайы ауыр
• 160 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.