Коронавирустан емделіп жатқан 78 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 23 979 адам коронавирус инфекциясынан (–22 881+ және 1 098 КВИ-) емделіп жатыр.

Коронавирустан емделіп жатқан 78 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 183 адамның жағдайы ауыр,

• 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 70 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.