09:14, 31 Қаңтар 2023 | GMT +5
Коронавирустан емделіп жатқан 8 науқастың жағдайы ауыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 31 қаңтардағы ақпарат жарияланды.
Оған сенсек, қазір 1 598 адам коронавирус инфекциясынан (–1 454+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 117 пациент стационарда, 1 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр
- бір пациенттің жағдайы өте ауыр
- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.