Коронавирустан емделіп жатқан 88 науқастың жағдайы өте ауыр – ҚР ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 ақпандағы мәлімет бойынша, 26 249 адам коронавирус инфекциясынан (–25 174+ және 1 075 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы таратқан ақпаратқа қарағанда, мделіп жатқандардың арасында 3 326 пациент стационарда, 22 923 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 197 адамның жағдайы ауыр,
• 88 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 77 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.