Коронавирустан емделіп жатқан 975 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпарат белгілі болды.

Коронавирустан емделіп жатқан 975 науқастың жағдайы ауыр

17 шілдедегі мәлімет бойынша 52 895 адам коронавирус инфекциясынан (51 266 КВИ+ және 1 629 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде:

- 16 862 пациент стационарда

- 36 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 975 адамның жағдайы ауыр

- 241 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 123 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.