Коронавирустан емделіп жатқандардың ішінде 507 адамның жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 16 тамыздағы мәлімет бойынша, 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
None
None

Ондағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 31 910 пациент стационарда жатыр, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 937 адамның жағдайы ауыр,

• 507 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 228 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар