Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыда 6 адаммен байланыста болған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыға келгенде 6 адаммен тығыз байланыста болған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматыда 6 адаммен байланыста болған

«Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел жайлы ақпарат бізге басқа өңірден келді. Бүгінде Алматы бойынша 6 жақын араласқан адам анықталды. Олардың барлығы толық тексеру үшін провизорлық емханаға оқшауланды», - деді басқарма басшысы.

Мұның алдында 64 жастағы әйелмен тығыз байланыста болған адамдар түгел оқшауланып, тұрғылықты мекенжайы толық зарарсыздандырылатынын жазған едік.