13:55, 03 Мамыр 2020 | GMT +5
Коронавирустан көз жұмған науқас 19 күн бойы Нұр-Сұлтанда емделген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қайтыс болған науқас - Шахтинск қаласының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

@coronavirus2020_kz мәліметінше, Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған науқас 1958 жылы туған. 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түсті.
14 сәуірде ҰМКО шешімі бойынша расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Екі жақты пневмония, ауыр өткен.
Науқас 19 тәулік бойы ем алды.
Дәрігерлердің жасаған жұмысына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды.