Коронавирустен емделіп жатқан 1 283 адамның жағдайы ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (71 112 КВИ+ және 8 305 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде:
16 319 пациент стационарда,
63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 283 адамның жағдайы ауыр,
342 пациенттің жағдайы өте ауыр,
190 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.