Коронавирустен емделіп жатқан 1 479 адамның жағдайы ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан (–82 575 + және 7 585 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСм баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 479 адамның жағдайы ауыр,
• 387 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.