Коронавирустен емделіп жатқан 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 ақпандағы мәлімет бойынша 28 280 адам коронавирус инфекциясынан (27 181 КВИ+ және 1 099 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Олардың ішінде:

3 672 пациент стационарда,

24 608 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

220 адамның жағдайы ауыр,

88 пациенттің жағдайы өте ауыр,

78 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.