08:58, 17 Маусым 2021 | GMT +6
Коронавирустен емделіп жатқан 435 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирус инфекциясынан (19 980 КВИ+ және 1 152 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде:
6 468 пациент стационарда,
14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
435 адамның жағдайы ауыр,
111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
73 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.