09:11, 16 Маусым 2021 | GMT +6
Коронавирустен емделіп жатқан 441 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 маусымдағы мәлімет бойынша 21 025 адам коронавирус инфекциясынан (19 895 КВИ+ және 1 130 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде:
6 451 пациент стационарда,
14 574 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
441 адамның жағдайы ауыр,
103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.