Коронавирустен емделіп жатқан 450 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 ақпандағы мәлімет бойынша 120 059 адам коронавирус инфекциясынан (118 880 КВИ+ және 1 179 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустен емделіп жатқан 450 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Олардың ішінде:

10 095 пациент стационарда,

109 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

450 адамның жағдайы ауыр,

163 пациенттің жағдайы өте ауыр,

88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.