Коронавирустен емделіп жатқан 503 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 қарашадағы мәлімет бойынша 34 972 адам коронавирус инфекциясынан (29 982 КВИ+ және 4 990 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 503 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Олардың ішінде:

6 736 пациент стационарда,

28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

503 адамның жағдайы ауыр,

127 пациенттің жағдайы өте ауыр,

89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.