Коронавирустен емделіп жатқан 505 адамның жағдайы ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 қарашадағы мәлімет бойынша, 37 594 адам коронавирус инфекциясынан (–32 411+ және 5 183 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде 6 879 пациент стационарда, 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 505 адамның жағдайы ауыр,
• 136 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.