Коронавирустен емделіп жатқан 514 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -13 қарашадағы мәлімет бойынша, 35 407 адам коронавирус инфекциясынан (–30 353+ және 5 054 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 609 пациент стационарда, 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 514 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 514 адамның жағдайы ауыр,

• 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.