Коронавирустен емделіп жатқан 52 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 наурыздағы мәлімет бойынша 7 550 адам коронавирус инфекциясынан (6 468 КВИ+ және 1 082 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
1 олардың ішінде:
650 пациент стационарда,
6 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
52 адамның жағдайы ауыр,
20 пациенттің жағдайы өте ауыр,
13 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.