Коронавирустен емделіп жатқан 520 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 қарашадағы мәлімет бойынша 39 705 адам коронавирус инфекциясынан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 520 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Олардың ішінде:

7 317 пациент стационарда,

32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда,

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

520 адамның жағдайы ауыр,

144 пациенттің жағдайы өте ауыр,

110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.