Коронавирустен емделіп жатқан 57 пациенттің жағдайы өте ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 064 адам коронавирус инфекциясынан (20 217 КВИ+ және 1 847 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 57 пациенттің жағдайы өте ауыр - ДСМ

Олардың ішінде:

3 001 пациент стационарда,

19 063 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

186 адамның жағдайы ауыр,

57 пациенттің жағдайы өте ауыр,

38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.