Коронавирустен емделіп жатқан 665 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Коронавирустен емделіп жатқан 665 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 665 адамның жағдайы ауыр,
• 154 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.