Коронавирусты емдеудің ұлттық клиникалық хаттамасы қалай әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусты емдеуге қолданылатын дәрілердің барлығы эксперименттік препарат саналады. Бұл туралы Қарағанды медицина институтының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, COVID-19 бойынша клиникалық хаттаманы әзірлеуші топтың жетекшісі Бақыт Көшерова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індетін диагностикалау мен емдеу ұлттық клиникалық хаттамасының алғашқы нұсқасы осы жылдың 3 ақпанында жасалды. Хаттаманың алғашқы нұсқасын халықаралық ұсыныстар болмаған кезде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ешқандай нұсқаулық шығармаған кезде әзірлеген едік. Содан бері шамамен 8 ай өтті. Біз диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын 10 рет өзектендірдік. Қазіргі жағдайда коронавирус инфекциясын емдеуге инфекционистер, анестезиологтар, реаниматологтармен қатар өзге сала дәрігерлері де тартылады», - деді медицина ғылымдарының докторы коронавирустың екінші толқынын талқылауға арналған онлайн жиында.

Осы ретте ол маусым мен шілде айында елімізде орын алған індетке шалдығу көрсеткішінің белгілі бір деңгейде сабақ болғанын айтады.

«Өте күрделі болғанына қарамастан дәрігерлер біздің хаттаманы қолданды. Барлық медикаменттер коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің ұлттық клиникалық хаттамасына сәйкес сатып алынды. Хаттама жасау - үлкен еңбекті қамтитын жұмыс. Біз коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын халықаралық тәсіл мен үздік тәжірибені қолданамыз. Бүгін ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларымен онлайн кездесу өткіздік. Олар бізге коронавирус індетін емдеуге қолданатын барлық препараттың эсперименттік дәрі-дәрмек екендігін айтып отыр. Бүгінгі күні олардың 100 пайыз тиімділігі дәлелденбеген», - деді Бақыт Көшерова.


Соңғы жаңалықтар
telegram