Коронавирусты тасымалдаушылардың әрқайсысы 30-50 адаммен байланыста болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусты тасымалдаушылардың әрқайсысы 30-50 адаммен байланыста болған

«Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар аталған инфекцияны белсенді тасымалдаушы болып саналмайды. Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды», - дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.