Коронавирустың омикрон штамы егде жастағыларға қалай әсер етеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустың омикрон штамы қарт кісілер үшін қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Адамның жасы неғұрлым үлкен болса, коронавирус соғұрлым қауіпті болады. Омикрон штаммын жиі жұқтырған адамдардың үлесі 60 жастан асқан, 29,4% немесе 334 жағдайды құрады. Егде жастағы пациенттерге коронавирусқа шалдығу қауіпті, сондықтан оларға вакцинация жасау керек», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

20-39 жас аралығындағы және 40-59 жас аралығындағы азаматтар көбінесе бірдей дәрежеде жұқтырады – 24%.

«14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру айтарлықтай жоғары деңгейде қалады – 17%, сондай-ақ 70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерді жұқтыру-16%. Бұл факт 12 жастан асқан жасөспірімдер, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар арасында вакцинациялау қажеттілігін көрсетеді. Соңғы 7 күнде 1 жасқа дейінгі балалар арасында инфекция 2,9% құрады (22 жағдай)»,- деді ол.

Өткен аптада індетке шалдыққандардың 92%-ның негізгі жұқтыру орындары: сауда объектілері – 32%, қоғамдық көлік – 27%, отбасылардағы байланыстар – 23% және базарлар – 10% болып отыр.

Ashyq жобасына қатысушы объектілерде жұқтыру 8-ден 10%-ға дейін өсті, бұл кіру топтарындағы ішінара формальды жұмыстың және үй карантинін бұзатын науқас азаматтардың хабардар еместігінің айғағы.

Бас санитарлық дәрігер Алматыда өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар 16 адам әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлегенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар