Коронавирустың таралуы неге бірде өршіп, бірде баяулайды - дәрігер жауабы

Оның айтуынша, шектеу шараларын сақтаған кезде ауру жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендейді.
«Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу, локдаун жариялағанда вирустың таралуы төмендегенін көрдік. Кейін карантин талаптарын жеңілдеткенде вирустың таралуы қайта өрши түседі. Әлеуметтік қашықтықты сақтаған сайын науқастар саны азаяды. Тамыз айынан бастап вирус жұқтырушылар саны төмендеді, бұл вакцина алушылар санының артуымен байланысты», - дейді ол.
Сонымен қатар ол ауруханаға ауыр халде түсетін науқастар саны неліктен артқанын айтты.
«Коронавирус ауруының белгілері былтырдан бері бірқалыпты өтуде. Соған байланысты науқастар үйде өз бетінше емделе бастады. Оның арты адам денсаулығының нашарлауына әкеп жатыр. Өз бетінше емделген дұрыс емес, қандайда бір ауру белгісі білінсе уақыт оздырмай дәрігерге қаралу керек. Коронавирустың белгісі ол түшкіру, мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының көтерілуі, буындардың сырқырауы және тағы басқалары. Бұл белгілер ЖРВИ мен тұмауға да тән. Оларды ажырату үшін бірінші кезекте дәрігерге хабарласу қажет. Тәжірибе көрсеткендей қазір бұл ауру белгілеріне ішек инфекциясы қосылды»,- дейді Динара Маханбетқұлова.
Спикер иммунитеті төмен адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім келетінін тілге тиек етті.
«Иммунитеті төмен және созылмалы ауруы бар адамдар жиі ауырады. Ол ересек немесе орта буын өкілдері болуы мүмкін, егер адамның иммунитеті төмен болса, ол жерде жас ерекшелігі маңызды емес. Өйткені қазір балалар да ауырып жатыр», - деді ол.