Корпоративтік басқару кез келген компанияның қызметінде тиімділік кепілі бола алады
АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Корпоравтивтік басқару кез келген компанияның қызметінде оның инвесторлар мен кредиторлар үшін тартымдылығындағы тиімділік кепілі.
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Корпоративтік басқару жөніндегі ІІІ Орталық Азиялық саммитте айтылды.
"Корпоративтік басқарудың негізі компанияда құқықтық мәдениет пен этикалық жүріс-тұрыс қағидалары мен нақты нарықтық тетіктердің болуы, сондай-ақ құрылымдық ұйымдардың тиімділігі мен оның органдарының әрекеттілігінде. Құрылымдық және есептіліктің ашық нобайының болмауы, ұйымдастырылған басқарудың жеткіліксіздігі жұмыс істеп тұрған компаниялар мен әлеуетті инвесторлар және оның қызметін тұтынушылар үшін тәуекелдің елеулі факторлары саналады. Компаниялардағы корпоративтік басқару жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін мінсіз рецепт жоқ. Әр компания өзінше бөлек және әрбір жағдайында тек нақты заңды тұлғаға қатысты тәуекелі болады", - дейді ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Бағалы қағаздар мен зейнетақы жинақтау қорлары нарығы субьектілерін қадағалау депаратаментінің қашықтықтан бақылау басқармасының бастығы Қуанышбек Әбжанов.
Оның айтуынша, осы себепті де заң шығарушы тек базалық қағидаттарды және корпоративтік басқару жүйесінің жұмыс істеу жүйесінің жалпы үлгісін қарауы мүмкін. Ал ерекшелігі мен үдерісін тәптіштеп жазу ішкі құжаттарда болуы тиіс. Компания менеджменті мен оның акционерлері, компаниялар мен оның қызметін тұтынушылар арасындағы және компаниялар мен органдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуі керек. Мұндай құжат алғашқы кезекте Корпоративтік басқару кодексі болуы тиіс.