Корпоративтік басқару жүйесі инвесторларға емес, компанияның өзіне керек

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Корпоративтік басқару жүйесі инвесторларға емес, ең алдымен компанияның өзіне керек. Бұл бүгін Алматыдағы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ мен Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Орталық Азия корпоративтік басқару жобасымен серіктестігі туралы баспасөз мәслихатында айтылды,

Корпоративтік басқару жүйесі инвесторларға емес, компанияның өзіне керек
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жасыратыны жоқ, қазір компаниялар арасында корпоративтік басқару шетелдік инвесторлар үшін жасалған көзбояшылық деген әңгімені естіп жатырмыз. Олар дағдарыс жағдайында бұл тіпті қажеті жоқ дейтіндер де бар. Шындығында бұл адасушылық деп ойлаймын. Эйнштейн корпоративтік басқару орталығының негізінде құрылған Эльск институтының зерттеуіне қарағанда, көптеген американдық компанияларда директордың тәуелсіздігі, ішкі директорлардың Директорлар кеңесі, компания жетекшісі - төрағасы қызметінің базалық қағидасы сақталмағаны анықталып отыр», дейді IFC Орталық Азия корпоративтік басқару жобасының құқық жөніндегі кеңесшісі Нұрлан Сәрсенов. Оның айтуынша, бұл компаниялар дағдарыс жағдайында ғана корпоративтік басқаруға көңіл бөле бастаған. Сондай-ақ өзгелерді де топтасуға шақыруда. IFC Орталық Азия корпоративтік басқару жобасының жүзеге асырыла бастағанына қазір 7 жылға жуықтап қалды. Осы уақытқа дейін онда 9 мыңға жуық компанияға корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіруге қатысты түрлі кеңестер берілді.