Қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтемі ретінде төленген қаражат мақсатсыз жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтемі ретінде төленген қаражат мақсатсыз жұмсалады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық төлемдерді мақсатты пайдаланылуына айрықша назар аударып отырмыз. Түрлі бағалауларға қарағанда барлық экологиялық төлемдердің көлемі жылына 70-тен 120 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды. Бұл ретте эмиссия мен залалға өтем ретінде бюджетке түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жоқ және көп жағдайда экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалмайды», - деді ол «Қазақстанның озық қолжетімді технологиялар принципіне көшуі: қазіргі жағдай мен келешегі» атты халықаралық конференция барысында.

Оның айтуынша, мұндай саясат кәсіпордарды жасыл технологияларды көшуге ынталандырмайды. Себебі олар «бәрібір келеді және жазалайды» деп ойлайды.

«Кейбір өңірлерде қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралардың шығыстары алынған төлем көлемінің 0,1, 1,8, 2,2 пайызын ғана құрайды. Бұл дұрыс емес деп есептейміз. Халықаралық тәжірибеде қоршаған ортаны ластағаны үшін түсетін қаражат оны қалпына келтіру үшін жұмсалады. Мәселен, Чех Республикасында озық қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындарға мемлекет технологиялар құнының 60 пайызға дейінгі мөлшерін тең қаржыландырады», - деді.

А.Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, жылдан жылға еліміздегі экологиялық ахуал тұрақсызданып, нашарлай түсуде. «Қазгидромет» мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы ауа атмосферасының ең жоғары деңгейде ластануының 2837 және күрт жоғары ластануының 550 оқиғасы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар